Семейде 4 жерасты өткелі жөндеуден өтіп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 4 жерасты өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, шаһар бойынша 8 жерасты өткелі бар. Бүгінде олардың төртеуіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Өткелдер Қабанбай батыр, Достоевский, Мұхамедханов және Өскемен көшелерінде орналасқан.

Жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жерасты өткелдерін жөндеуге биыл жергілікті бюджеттен 16 млн теңге бөлінген.

«Осыған дейін Әуезов, Шәкәрім даңғылдарындағы және Народная көшесіндегі өткелдер жөнделіп, әрлеу және плитка төсеу жұмыстары жүргізілді. Қабанбай батыр көшесіндегі жерасты өткелінде жарықтандыру қалпына келтірілді», - деді Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Түсіпов.

Оның айтуынша, бұл өткелдерде жүргізілген жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар ескерту бар. Қазіргі уақытта мердігерлер кемшіліктерін жоюда.


Соңғы жаңалықтар