Семейде 24 қой ұрлаған үш ер адам ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында полиция қызметкерлері 24 бас қойды 3 ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Барымта» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары «Семей-Қарауыл» тасжолында «Зил-130» автокөлігін тоқтатқан.

Полицейлер тексеріс кезінде көлікке тиелген ешқандай құжаты жоқ 4 қойды көреді. Анықталғандай, бұл «Семей-Қарауыл» тасжолынан 78 шақырым қашықта орналасқан 45 жастағы шаруа қожалығы иесінің малы болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Белгілі болғандай, кәсіпкердің малын бағуға жалданған 34 жастағы екі азамат 31 жастағы семейлік танысымен қылмыс жасауға алдын ала сөз байласқан. Сөйтіп оған өздеріне бағуға сеніп тапсырылған отардан 4 бас қойды базар бағасынан арзанға тиеп берді. Қазіргі уақытта үшеуінің 2020-2021 жыл аралығында жәбірленушінің құны 1,2 млн теңгелік жалпы саны 24 қойын осындай жолмен ұрлағаны дәлелденді. Сондай-ақ күдіктілердің бұған ұқсас ашылмаған басқа да қылмыстарға қатыстарының бар жоғы тексерілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.



Соңғы жаңалықтар