Семейде 180 оқушының қатысуымен домбырашылар флешмобы өтті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары домбырашылар флешмобын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы дала мұрагерлері» атауымен өткен флешмоб халық және бүгінгі қазақстандық компазиторларының туындыларын дәріптеуге арналды. Шарада «100 күй» жобасына енген күйлер іріктеліп, бірнеше күй таңдап алынған. Оның қатарындағы Құрманғазының «Адайын» 7-8 сынып оқушыларынан құралған домбырашылар оркестрі, ал Байжігіттің «Көксерке» күйін мұғалімдер орындады. Сондай-ақ хəкім Абайдың  «Тор жорға» күйі  көрермен көңілінен шықты.null 

Флешмобқа жалпы саны 180 оқушы қатысты. Негізінен - Зияткерлік мектептің төменгі сынып оқушыларынан құралған домбырашылар.

  "Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары үшін қолға алынған «100 күй» жобасын ұтымды деп айтуға болады. Осы жобаның арқасында қаншама бала қолына домбыраны алғаш рет ұстады. Күй құдіретімен танысты. Күйдің шығу тарихы, оның авторы жайлы да деректерге қанықты. Флешмобқа дайындыққа ағымдағы оқу жылы басталысымен кіріскенбіз.Өткізіліп отырған шараның ұтымды тұсы - көне күйлерді  жаңғырту" , -дейді домбыра үйірмесінің жетекшісі Мадияр Аширов. 

null 

Соңғы жаңалықтар