Семейде 10 шақырымдық арық қардан тазартылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 10 шақырымдық арық қардан және мұздан тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтарда Мирный кентіндегі арықты қалалық ТЖБ мамандары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері мұқият қарап шықты.

«Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында арықты тазарту жұмыстары жүргізілді. Арықтың жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, арықты қардан және мұздан тазартуға жергілікті атқарушы орган мен №68303 әскери бөлімнен 80 адам және 7 техника жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар