+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Семей зиратында Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын вандалдар қиратып кетті

2021 жылғы 12 мамыр 18:06
Бөлісіңіз:
Семей зиратында Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын вандалдар қиратып кетті

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының зиратында ғалым Қайым Мұхамедхановтың құлпытасын белгісіз біреулер бұзып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхамедхановтың құлпытасы биыл бірінші рет бұзылып отырған жоқ. Ғалымның бел баласы Қанағат Қайымұлының айтуынша, осыдан 10 жылдам астам уақыт бұрын белгісіз біреулер құлпытасты алғаш рет қиратып кеткен.

«Биыл әкеміздің 105 жылдығында да бұл қиянат қайталанып отыр. Күні кеше туған-туыстармен бірге зиярат жасау үшін әкеміздің басына барған едік. Бұзылып, тоз-тозы шығып жатқан құлпытасты көргенде жағамызды ұстадық. Бұл деген масқара ғой! Елі үшін еңбек еткен, өле-өлгенше халқының қамын жеген әкеміздің аруағын қорлау кімге керек?! Вандалдардың әрекетін осылай бей-жай қалдыруға болмайды. Олар басқа құлпытастарға еш зақым келтірмей, тек әкеміздікін ғана талқандап кеткен «, - деді ол.

Осы мәселені Семей қаласының әкімдігі бірден назарға алған.

«Бүгін шаһар әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев бізбен бірге бейіт басына барды. Бұзылған жерлерін қарап, мамандарға тексертіп, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбаса екен дейміз», - деді Қанағат Қайымұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT