Семей тұрғынынан танкке қарсы мина табылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғынынан танкке қарсы мина тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

ОВ 156/1 мекемесінің қызметкерлері бұл хабар хабарды полицияға жеткзді. Бұдан соң, бірлескен жедел-іздестіру шаралары қолға алынып, оның барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды. Сондай-ақ түзету мекемесінің жедел бөлімі ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Өскемен тұрғынынан 16 мм калибрлі БМ үлгісіндегі тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты.

«Ер адамдарда қару ұстауға рұқсат құжаттары болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.


Соңғы жаңалықтар