Семей тұрғыны 5 млн теңгелік мотоциклді ұрлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны 5 млн теңге тұратын мотоциклді ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат маусымның 19-нан 20-на қараған түні шағын автобусына белгісіз біреулердің кіріп соның ішінде тұрған спорттық мотоциклді, комуфляжды, шлемді, қолғап пен көзілдірікті жымқырып кеткенін айтты. Осының салдарынан жәбірленушіге 5 000 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірілген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Бұрын сотты болған ол өз кінәсін мойындап отыр. Ұрланған дүние-мүлік иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қала тұрғынының бұдан басқа көліктегі заттарды ұрлауға қатысты тағы да 4 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталған.


Соңғы жаңалықтар