+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Семей тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

2021 жылғы 16 қыркүйек 23:08
Бөлісіңіз:
Семей тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғыны 17 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда биыл 143 көлік өртенді Өскемен тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа алданды Шығыс Қазақстандағы екі ауданда пішен өртенді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында осы жылдың 9 айында қос азаматтығы бар 60-тан астам адам анықталды. Олардың көбісі ҚР азаматтығының құжатын тапсыру қажеттігін білмегендіктен қалдырғандарын айтқан. Алайда бұл заңсыз әрекетке қасақана барғандар да бар.

- Мысалы, тәртіп сақшылары 17 жыл бұрын Новосібір қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Семей қаласының тұрғынын ұстады. Осы жылдар бойы ол екі елден де зейнетақы алып келіп, ҚР заңнамасын бұзған. Қазіргі уақытта ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құқық бұзушыдан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT