Семей тұрғындары сенбілік акциясын өткізді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының 300-ге жуық тұрғыны сенбілік акциясын өткізді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалының мүшесі, «Темір Транс» ЖШС басшысы Дулат Қажмұханбет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 мамырда Бейбітшілік аралында «Менің таза қалам» сенбілік акциясы өтті, оған қаламыздың еріктілері мен тұрғындары қатысты. Оған «Аѕ Mansur» спорт клубынан 150-ге жуық спортшы мен жаттықтырушы, «Семей цемент зауыты» ЖШС 50 қызметкері және КАЗГЮУ заң университетінен 70-тен астам студенттер мен мұғалімдер келді», - деп жазды Д. Қажмұханбет Facebook желісінде.

Сонымен бірге, «Гордорстрой» ЖШС арнайы техника (камаз, тиегіш) ұсынып, «Семей Тазалық» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы талондар бөлген.

Өз тарапынан қала тұрғыны ретінде қалалық мәслихат депутаттары А. А. Кисаменов А. Е. Машимов К. Р. Исмаилова және Р. С. Хазипов қатысқан.

«Акцияның мақсаты – әр қатысушының қаладағы тазалықтың маңызды екенін түсінуі және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, жеке жауапкершілік сезімінің пайда болуы. Мұндай адам қазірдің өзінде көшеде қоқыс тастауға болмайтынын біледі», - дейді кәсіпкер Д. Қажмұханбет.

Соңғы жаңалықтар