Семей мен Үржар аралығындағы «Жібек жолы» раллиінің кезеңінде француз Петерансель жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы - 2017» раллиінің алтыншы кезеңінде жол талғаламайтын көлік жарысында Peugeot француз автошабандозы Стефан Петерансель жеңіске жетті.

Бейсенбі күні өткен кезеңнің маршруты Қазақстанның Семей мен Үржар елді мекендерінің аралығында болды, жарысушылар 597 шақырым жол жүрді. Петерансель 387,86 шақырым қашықтықтағы арнайы учаскеде 3 сағат 16 минут 6 секунд нәтиже көрсетті. Екінші орынды оның Peugeot-тағы отандасы Себастьен Лёб иеленді, ол жеңімпаздан 15 минут 28 секундке кеш келді. Үшінші нәтиже Geely-дағы қытайлық Хань Вэйдің еншісінде, ол - 16 минут 19 секундқа қалып қойды.

Келесі кезең жұмадаҮржар мен Қарамай аралығында 106,6 шақырым болатын арнайы учаскеде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар