Семей мектептері мен колледждерінде сабақ тоқтатылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Семейдегі білім ордаларында сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім басқармасының мәліметінше, 27 ақпанда Семейде жаңбыр жауып, күшті жел тұрады. Көктайғақ болады. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын орта мектептің 1-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды», - деп мәлім етті ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар