Семей қазандықтары арнайы тексеруден өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан кейін шығыс қаһарына мінген сарышұнақ аяз Семей қаласы жылыту желілері үшін нағыз сынақ болды. Аяздың беті әлі қайтпағандықтан, қала тұрғындары тарапынан шағымдар көбейіп, мәселе күрделене түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осы ретте, бүгін Семейге қала қазандықтарының жұмысын тексеру үшін ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов келді.

Бірінші нысан ЖЭО-1 болды. Бақытжан Байахметовтың айтуынша, Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы бір апта ішінде жылу тапшылығы мәселесін шешетін болады.

«Бұл жұмыс тікелей облыс әкімінің бақылауында. Тұрғындардың осы өтініштеріне сәйкес облыс әкімінің жұмыс тобын құру туралы өкімі шығарылды, ол осы жағдайларды зерттеп, қорытынды шығаруы тиіс.


Бұл жұмыс бір аптаға жалғасады, оған энергетикалық қадағалау комитетінің өкілдері, сондай-ақ монополияға қарсы департаменттің өкілдері кіреді. Тиісінше, осындай жұмысты монополияға қарсы комитет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық энергетика басқармасы жүргізеді. Сондай-ақ, мұнда Өскемен қаласында жылумен жабдықтаумен айналысатын ірі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері бар. Олар, мамандар ретінде, мұнда да жұмыстың бір бөлігін өткізеді. Техникалық бөлікті, сондай – ақ гидравликалық есептеу бойынша бөлікті қарайды – бөлу дұрыс жүріп жатыр ма және т.б.», - деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, Бақытжан Байахметов болашақта сол жағалаудағы қазандықтардың профицитін пайдалана отырып, оң жағалаудағы жылу тапшылығын жабу жоспарланғанын атап өтті.


«Сіздер жақсы білесіздер – Үкімет тарапынан өз уақытында мұнда ЖЭО-1 қазандықтарын жөндеуге, сондай-ақ ҚР-1 жөндеуге үлкен қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар орындалды және тиісінше қазір жабдық штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, үйлерді жылыту бойынша проблемалар бар. Бұл немен байланысты біз мұның бәрін есептеу арқылы анықтауымыз керек. Жалпы алғанда, болашақта сол жағалаудың жылу энергиясының профицитін оң жағалауға пайдаланатын боламыз. Өйткені жылу энергиясының жетіспеушілігі алаңдатарлық жайт. Біз бұған жол бермеуіз керек», - деді Бақытжан Байахметов.


Бұған дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев суық пәтерлердің негізгі проблемасы көптеген көпқабатты үйлердің әзірлік паспорттарын мерзімінде тапсырмағандығында.

Комиссия 1-ЖЭО қазандықтарын, Ғаббасова, 103-103а, Орталық, 35 квартал қазандықтарын және жылу желілерін тексерді.

2020-2021 жылдарғы жылыту маусымын тұрақты режимде аяқтау үшін Ғаббасов қазандығында 2 жылу алмастырғыш орнатылуда, бұл желілік судың температурасын арттыруға мүмкіндік береді. 103-103а қазандығында жылу алмастырғыш ауыстырылады, №1 ст.қазандығы жұмысқа қосылады, №3 (103) ст. қазандығы жөнделеді. Сондай-ақ, турбогенераторды іске қосу арқылы 1-ЖЭО қоректік сорғыны ауыстыру жүргізілуде.


Алдын ала есептеулер жасай отырып, көрсетілген 4 қазандықта ең жоғары қуатты қамтамасыз ету шартымен 2021-2022 жж. жылыту маусымын тұрақты өткізу үшін 2021 жылғы жөндеу науқанына арналған бірінші кезектегі іс-шаралар тізбесі жасалатын болады.


Соңғы жаңалықтар