Семей қаласын дамытуға 260 млрд теңге бөлінеді
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге тарихи орталық мәртебесі берілетінін айтқан еді. Алаштың рухани астанасын дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленген. 5 жыл көлемінде іске асатын бұл жобаға 260 млрд теңге жұмылдырылады. Бұрын-соңды осы қалаға мұндай ауқымды қаржы бөлінбеген. Сондықтан шаһар гүлденіп, тұрғындардың өмір сапасы жақсаратыны сөзсіз», - деді Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде.
Аймақ басшысының сөзіне сенсек, кешенді жоспар аясында 7 бағыттағы 56 шара іске асырылады. Атап айсақ, кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы және көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттары қамтылады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ҚР Президенті Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілетінін айтқан болатын.