Семей қалалық сәулет бөлімінің басшысы жазаға тартылмақ

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қалалық сәулет бөлімінің басшысы жазаға тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Семей әкімдігінің кеңейтілген аппарат кеңесі өтті. Онда шаһарды қысқы безендіру мәселесі қаралды. Сәулет және қала құрылысы бөлімі екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлаған. Атап айтқанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жаңа жыл. Бірақ бөлім жұмысының бұл жоспарын Семей әкімі сынға алды.

«Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік күніне орай көшелерді безендіру туралы бір де бір сөз айтылған жоқ. Қысқы безендірудің эскиздік жобалары бекітілмеген, сметалық құжаттама әзірленбеді. Бірде-бір жоба қаржылық тұрғыдан бекітілмеген», - деді Бақытжан Байахметов.

Кеңес қорытындысы бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысы сылбыр деп танылды. Бөлім басшысына қатысты жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жазалау шаралары қабылданатын болады.

Кеңес соңында шаһар басшысы бұл күндері қарды уақытылы шығаруды бірінші кезекке қою қажеттігін атап өтті. Қар жауғалы бері қала көшелерінен 500 текше метрге жуық қар шығарылған.




Соңғы жаңалықтар