+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Семей автобустарында жолаушылар саны екі есе азайған

2020 жылғы 24 наурыз 09:16
Бөлісіңіз:
Семей автобустарында жолаушылар саны екі есе азайған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы қоғамдық көліктер әр рейс сайын дезинфекциялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылды

Әр рейстен соң жолаушылар ұстап тұратын тұтқалар, орындықтар, есік пен терезелер және валидаторлар хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруда. Бұл туралы «Semey Bus» ЖШС директорының орынбасары Әсет Қалиғожин мәлім етті.

«Күн сайын желіге шығар алдында жүргізушілер мен кондукторларға маска, қолғап және жуғыш құралдар беріледі. Дезинфекциялау тек жолға шығар алдында ғана емес, автобус соңғы аялдамаға келгенде, яғни әр айналымнан кейін жүргізіліп отырады», - деді ол.

Төтенше жағдай режіміне байланысты Семейдегі қоғамдық көлікте жолаушылар саны екі есе азайып кеткен. Осыған байланысты автобустар қозғалысы демалыс күндеріндегі кесте бойынша жүруде.

Айта кетейік, күн сайын желіде 180-ге жуық автобус жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT