+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Сел жүрген Төлебиде 38 үй сүріліп, орнына жаңа баспана салынады

2020 жылғы 21 мамыр 12:30
Бөлісіңіз:
Сел жүрген Төлебиде 38 үй сүріліп, орнына жаңа баспана салынады

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқынынан келген зардапты қалпына келтіру жұмысы қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмысқа 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ауданда мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үй бұзылып жатыр. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды.

Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан. Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматтар үш мезгіл тамақпен қамтылған. Оларға барлық қажетті жағдай жасалған.

«Зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынады. Оларды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн теңге бағытталмақ. Жалпы құрылыс жұмыстарын 1.5-2 ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді Бауыржан Омарбеков.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT