Щучьедегі соғыс ардагерлерінің мемориалдық ескерткіші жаңартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне орай Щучье қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері аллеясының мемориалдық бөлігін абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «RG GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражаты есебінен мердігер – «СК Основание» серіктестігі жүргізді.

Жөндеу жұмыстары барысында Мәңгілік алау ауыстырылды, ескісін бөлшектеу кезінде «Ерлігі үшін» медалі табылды. Асфальттың орнына бедер тас төселді. Үлкен әрі әртүрлі пішінді орындықтар орнатылды, Мәңгілік алауға тартылған газ құбыры мен мемориалдық тақтаның қасбеті керамогранитке ауыстырылды.

«Аудан тұрғындары атынан Щучинск қаласының визит карточкаларының бірі саналатын нысанды абаттандыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіремін. Жаңарған нысан қаланың көрікті жерлерінің бірі болып қана қоймай, батырларымыздың ерлігін еске салып тұрады», - деді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев.


Соңғы жаңалықтар