+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Щучье мектебі маска режимін бұзып, мәдени шара өткізгені үшін 639 мың теңге айыппұл төлейді

2020 жылғы 16 қыркүйек 16:21
Бөлісіңіз:
Щучье мектебі маска режимін бұзып, мәдени шара өткізгені үшін 639 мың теңге айыппұл төлейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучье қаласында маска режимін бұзған заңды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маска тағып жүру індет жұқтырмауға жәрдемдеседі – профессор

Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 12-де Бурабай аудандық ПБ қызметкерлері Щучье қаласындағы мектептердің бірінде Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің 30 тамыздағы №109 қаулысының талаптары бұзылғанын, яғни маска режимін бұза отырып, мәдени-көпшілік шара өткізілгенін анықтады.

«Осыған байланысты заңды тұлғаның үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық жөнінде хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі - 638 940 теңге» дейді ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын бас санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін IQanat High School of Burabay мектебінде санитарлық карантин талаптарының бұзылу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру басталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT