Сайрамдағы жаңа алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім бермек

None
None
САЙРАМ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бағы салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу станциялары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық және т.б. қарастырылған. Жобаның жалпы құны - 2 097,3 млн теңгені құрайды.

Алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.

Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасына қарасты «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар