Сайрам ауданында тойхана ғимараты гемодиализ орталығына айналды

None
None
САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданында тұңғыш рет гемодиализ орталығы ашылды. Бұл - мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жүзеге асқан жоба саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тойхана ғимаратында заманауи үлгіде жабдықталған медициналық орталық ашқан жергілікті кәсіпкер 120 млн теңге жеке қаражатын жұмсаған. Ендігі жерде созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан 80 науқас жол азабын тартпай, жақын маңнан ем алады. Диализ залы ең озық медициналық қондырғылармен толыққан.

Сайрам ауданында сапармен барған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мед Алатау» орталығының жұмысымен де танысты. Қарабұлақ ауыл округіндегі «Ұлықбек» шаруа қожалығында болып, диқандармен кездесті.

Су жинау мұнарасын жасау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Ақсукент ауыл округіндегі су мен табиғи газға арналған құбыр «Оңтүстік Қазақстан полимер құбырлары зауытын» аралады. Зауыт қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау көрген өндіріс орны бүгінде толығымен өзін-өзі қаржыландырып, 33 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімі ішкі нарықта саудаланады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ақсукент ауыл округіндегі «Sairam Thermal Resort» емдеу сауықтыру кешеніне барды. Жобаның құны – 500 млн. теңге. Мұнда жылына 3 мыңнан астам адам ем қабылдайды. Сайрамдық санаторий пандемия кезінде дертке шалдығып, қайта сауыққан науқастардың организмін қайта қалпына келтіру үшін арнайы емдік-сауықтыру бағдарламасын әзірлеген. Келушілер негізінен минералды қоспасы бар термиялық минералды сумен емделеді.


Соңғы жаңалықтар