+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Сайрам ауданында кәсіпкер тойханасын спорт нысанына айналдырды

2021 жылғы 21 сәуір 04:12
Бөлісіңіз:
Сайрам ауданында кәсіпкер тойханасын спорт нысанына айналдырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында ісін жаңа бағытқа бұрғандар артты. Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шайбалы хоккей: Қазақстан мен Беларусь жолдастық кездесуі өтпейтін болды Елордада шағын футболдан ҚР Президентінің суперкубогы өтіп жатыр Бүгін Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындары басталады

Өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты бос тұрған. Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған. Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді. Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT