Сайрам ауданында айына 2 млн дана бетперде шығаратын цех іске қосылды

None
None
САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданында айына 2 млн дана бетперде шығаратын цех іске қосылды. Медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндіріске қажетті құрал–жабдықтар Қытай елінен әкелінген. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, аталған жобаның құны 80,4 млн теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде шығарылуда.

«Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық», – дейді кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар