Сайлауға қатысушылардың алдын ала дерегі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы бюллетеньдерін алды.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы 10 қаңтарда сағат 22-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы –72,8, Ақтөбеде облысы – 58,8, Алматы облысы – 73,5, Атырау облысы – 56,4, Батыс Қазақстан облысы – 62,4, Жамбыл облысы – 72,2, Қарағанды облысы – 70,7, Қостанай облысы – 71,8, Қызылорда облысы – 73,9, Маңғыстау облысы – 55, Павлодар облысы – 71,3, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5, Түркістан облысы – 65,8, Шығыс Қазақстан – 72,4, Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1, Алматы қаласы – 30,3, Шымкент қаласы – 56,5 пайыз», - деді Константин Петров.


Соңғы жаңалықтар