Сайлау учаскелерінде халық кезекке тұруда - шетелдік байқаушы

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық байқаушы, Грузия парламентінің депутаты Кахабер Окриашвили Қазақстанда өтіп жатқан президенттік сайлау процесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Грузиядан 3 байқаушы келдік. Таңертеңнен өзімізге мінденттелген жұмысқа кірістік. Осы уақыт аралығында артық іс-әрекет немесе басқалай тәртіпбұзушылық тіркелген жоқ. Сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған яғни ұйымдастырушылық сәтінен кемшілікті байқамадық. Біз барлығы 5 сайлау учаскесінде болуымыз керек. Үшеуінде болдық, түстен кейін тағы екі орынға барамыз. Негізінен біздің байқаушы ретінде кез келген сайлау учаскесіне барып жұмысымен танысуға құқығымыз бар», - деді К. Окриашвили БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар шетелдік байқаушы Қазақстанға сайлау байқаушысы ретінде алғаш келіп отырғанын тілге тиек етті.

«Қазақстанда өткен сайлауға алғаш қатысуым. Дегенмен Грузия парламентіне 4 рет депутат ретінде сайланғандықтан, сайлаудың жұмысы мен ережесін білемін деп айта аламын. Әрбір сайлау учаскесіндегі жұмыс процесінде қырағылық таныттық. Бізді таң қалдырғаны халықтың белсенділігі, біз барған сайлау учаскелерінің бірінде халықтың кезекке тұруына куә болдық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар