+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы

2021 жылғы 25 ақпан 13:20
Бөлісіңіз:
Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия президенттігіне сайлауда жеңіске жетті Президенттің екі жылы: Қазақстандағы реформаларға оң баға беріліп жатыр Моңғолияда президент сайлауы басталды

«Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасты деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент қазір біз кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

«Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады», - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент аудан әкімдерінің тікелей сайлау 2024 жылы өткізу керек деп санайтынын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT