Сайлау: Сенатта халық атынан өкілдік ету кімге бұйырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Сенатының республиканың 17 өңірінен бір-бірден сайланған депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады. 2020 жылдың 12 маусымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы жария етілді. Осыған орай, Сенат депутаттарын сайлауға қатысты негізгі сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Сайлауға кім қатысады?

Сонымен ертең, 12 тамыз күні елімізде жоғарғы заң шығарушы органының жоғары палатасына республиканың 17 өңірінен бір-бір депутаттан сайлау өтеді. Бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясы және аумақтық сайлау учаскелері тарапынан осынау науқанға толыққанды жұмыс жүргізілді. Коронавирус індетіне байланысты сенаторларды сайлаушы мәслихат депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалды. Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, сайлау бюллетендеріне 46 кандидат енгізілді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан - 4 кандидат, ал 10 өңірден 3 кандидаттан: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Қалған өңірлерден - 2 кандидаттан тіркелді.

Сенат депутаттарын кім сайлайды?

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы облысынан - 317 және Шығыс Қазақстан облысынан – 301, ал едәуір аз бөлігі Нұр-Сұлтан қаласынан - 21, Шымкент қаласынан - 26 және Алматы қаласынан - 32.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын республика азаматтары қатысады. Олардың тiзiмдерi сайлаудан кемiнде жетi күн бұрын жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының интернет-ресурстарына орналастырылған.

Дауыс беру қалай өтеді?

Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды. Сенат депутаттарын сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады. Дауыстарды санау әрбiр кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.

Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының елу пайызынан астамы қатысса, ол заңды болады. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу пайыздан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.

Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.

Сенат депутатын тіркеу қалай жүргзіледі?

Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Сенат депутаттығына кандидат Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, ол он күн мерзiмде түпкілікті шешiм қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар