+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Сайлау науқаны коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне әсер еткен жоқ - ДСМ

2021 жылғы 27 қаңтар 19:45
Бөлісіңіз:
Сайлау науқаны коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне әсер еткен жоқ - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «Неліктен сайлаудан кейін COVID-19 шалдыққандар саны артты?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 717 адамнан коронавирус анықталды Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын – қызылордалық дәрігер БҚО-да коронавирус жұқтырған 276 адам стационарда жатыр

«Коронавирус науқастарының саны 15 қаңтардан кейін көбейе бастады. Ал біздегі сайлау 10 қаңтарда өтті. Инкубациялық кезеңіне қарасақ, 5 күн ішіндегі көбею сайлауға байланысты бола алмайды. Жалпы бұл өсім негізі ұзақ жаңажылдық мерекелерге байланысты. Жыл аяғында осы алаңда әлеуметтік қашықтық сақтап, бетперде тағуды, жаңа жылды тек отбасымен қарсы алуды ескерткен едік. Қазіргі жағдай сол ережелердің сақталмауынан деп санаймыз. Өздеріңіз көргендей, кей өңірлерде жағдай қиындап жатыр. Бірақ, бәрі біздің бақылауда, әкімдіктермен тұрақты түрде карантин шараларын күшейтіп жатырмыз», - деп жауап берді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында .

Айта кетейік, 27 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасында 181 117 адамда КВИ+ және 47 575 адамда КВИ- анықталды. КВИ+ бойынша 163 156 адам және КВИ- 35 348 адам жазылып шыққан. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның 31% (6 492 орын) толған, ал жансақтау бөлімінің 20%-ында 374 адам хал үстінде жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT