Сайлау: ҚР СІМ басшылығы Түркі кеңесі байқаушыларымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауды бақылау үшін келген Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) байқаушылар миссиясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ мәліметіне сәйкес, кездесу барысында қонақтарға сайлау науқаны мен рәсімдер туралы ақпарат ұсынылды. Тараптар Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Түркі кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Стамбул қаласында орналасқан. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан ұйым мүшелері болып табылады, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.


Соңғы жаңалықтар