Сайлау комиссиясының барлық отырыстары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы барлық отырыстарының онлайн трансляциясы сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстарының онлайн трансляциясын сурдоаудармамен қамтамасыз ету бойынша жаңа тәжірибені енгізіп отырмыз. Бұл шаралар мүмкіндігі шектеулі жандарға еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстар мен сайлау науқанына қатысты кеңірек мәлімет алуға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді К. Петров «Мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатысулары» атты дөңгелек үстел отырысында.

Айта кетейік, 2018 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына алғаш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған нормалар енгізілді. https://kaz.inform.kz/news/saylau-uchaskeleri-dauys-beruge-dayyn-ba_a3716913

2019 жылдың қаңтарында сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру кезінде қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша 455 мүмкіндігі шектеулі азамат комиссия мүшелері болып сайланды. Оның ішінде 6 адам облыстық, 12 адам – қалалық және аудандық, 432 адам учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енді. Бұл ретте сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс. Яғни, жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына осы бағыттағы жұмысқа жәрдемдесуге міндетті. Сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлаушылардың кедергісіз қол жеткізуі және ондағы дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет.


Соңғы жаңалықтар