Сайлау: Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтеді. Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары - Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама.

Орталық бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады.

Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және [email protected]. kz. электрондық мекенжайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады.

Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютермен, интернетке шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орнымен жабдықталған.

Бейнеконференция байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар.

Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ үйінде, «Алтын Емел» залы, 1-қабатта орналасқан.

Сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар