Саяси реформалар Қазақстанда эволюциялық жолмен дамып келеді - тарихшы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров ҚР Президентінің жетінші шақырылымдағы Парламент сессиясында айтқан саяси реформалар туралы ойына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін саяси реформа бағыттарына тоқталып кетті. Саяси реформалар Қазақстанда эвалюциялық жолмен дамып жатқанын көрсетеді. Біз, халық, шынымен де реформалардың нәтижесін тез көргіміз келеді. Ал негізгі саяси реформалардың ұзаққа созылатыны мәлім. Біріншіден, саяси реформаны дамытуға жағдай жасалғанын көрсетеді. Бұған дейін праймериз деген болмады. Дебат та қажет. Осы жолды дамытып, межені 7 пайыздан 5 пайызға түсіру ұсынылды. Болашақта партиялардың жолы ашылады. Екіншіден, аудан әкімдері де сайланады. Жаңа бастаманың бәрі халыққа дер кезінде көрсетіліп, насихатталғаны абзал», - деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров.

Тарихшы жаңа реформаларды іске асыру үшін білікті кадр қажет екенін де алға тартты.

«Реформаны айту бар, оны іске асыру жөні бөлек. Сырттан келіп оны ешкім жасамайды. Осы тұста Президент Қазақстанның адами капиталы, кадр мәселесі жайлы айтты. Білім, медицина, шағын және орта бизнес саласы... Сіз бен біз осы реформаны іске асырамыз», - деді Рахым Бекназаров.


Соңғы жаңалықтар