Саяси партиялар Мәжіліске әрбір кандидаты үшін 637 мың теңге жарна енгізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына әрбір кандидат үшін 637 мың теңге жарна енгізеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау коиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәжіліс депутаттағына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясының есепшотына ҚР заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақының 15 еселенген көлеміндегі сайлау жарнасын партиялық тізімге қосылған әрбір тұлғаға енгізеді. Партиялық тізімге қосылған әрбір тұлға үшін сайлау жарнасының мөлшері 637 500 теңгені құрайды», - деді ол ОСК отырысында.

Оның атап өтуінше, бұған дейінгі Мәжіліс сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 және одан көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын енгізуден босатылады.

«Олар өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы», - деді Константин Петров.


Соңғы жаңалықтар