Саясаттанушы: Кез келген сайлау – халықтың мемлекеттік саясатқа деген көзқарасының көрінісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамы үшін жүргізілетін реформалардың қорытындысы маңызды. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында әзербайжандық саясаттанушы Мархад Маммадов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез келген сайлау – халықтың мемлекеттік саясатқа деген көзқарасының көрінісі, қыс мезгілінде, пандемия кезінде сайлауға халықтың 63%-ы қатысуы – жоғары көрсеткіш. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан қоғамы үшін жүргізілетін реформалардың қорытындысы маңызды дегенді білдіреді. Ешбір мемлекет пандемиядан сақтандырыла алмады. Ең дамыған мемлекеттердің өзі коронавируспен күресудің ең жақсы механизмін көрсете алмады», - дейді әзербайжандық саясаттанушы Фархад Маммадов.

Ол осы кезеңнен өте алған мемлекеттер үшін келесі жыл үлкен серпіліс алып келетінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық мақаласына тоқталып өткім келеді. Бұл жаңа ұрпаққа деген жаңа көзқарас, өйткені мақалада ұрпақтың ауысуы болатындығы туралы өте дұрыс атап өтілген. Тәуелсіздікті сақтау, оны нығайту өте маңызды элемент болып саналады. Ұлттық бірегейлікті сақтау және оны танымал ету – өте маңызды элемент. Жақын арада жаңа Үкіметтің жасақталуы, ол шешуі тиіс міндеттерді жариялау күтілуде. Негізінде бізді жасампаздық пен даму жылдары күтіп тұр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар