Саясаттанушы Елбасының елордада болуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Данияр Әшімбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада болуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Назарбаев астанада екені туралы, оның билікке оралуына қатысты да мәлімдемені кейбір адамдар біржақты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев өз лауазымдарын (Қазақстан халқы Ассамблеясын, Қауіпсіздік кеңесі, «Nur Otan») Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені белгілі. Елбасы астанада екені туралы ақпарат, оның елден қашып кетпегенін және өз халқымен бірге екенін білдіреді. Тұңғыш Президенттің қызметін бірыңғай негативті қабылдау керек деп санамаймын. Ол өзге де басшылар сияқты қатіліктерге жол берді. Бірақ нақ оның еңбегімен елдің тәуелсіздігі, оның халықаралық мойындалуы, экономикалық және саяси реформалар қамтамасыз етілді, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен келісім қамтамасыз етілді», - деді Д.Әшімбаев.

Саясаттанушы сондай-ақ, елде бүлік шығарған содырларға қатысты айтып өтті.

«Содырлардың Қазақстанға шабуылы бейбітшілік пен келісімге, Қазақстан халқына, Назарбаев жүргізіп келген саясатқа қарсы бағытталғанын түсіну керек.

Тарихымыздың бұл ауыр кезеңінде Президент Тоқаевтың еліміздің бейбіт болашағы мен тұрақты дамуы үшін терроризммен және экстремизммен күрес бойынша күш-жігері айналасында ынтымақтасу маңызды», - деп түйіндеді спикер.


Соңғы жаңалықтар