+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Саясаттағы гендерлік өлшемдер күшейіп келеді - Зарема Шәукенова

2020 жылғы 21 мамыр 19:30
Бөлісіңіз:
Саясаттағы гендерлік өлшемдер күшейіп келеді - Зарема Шәукенова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлау заңнамасына қабылданған түзетулер белсенді қазақстандық әйелдерді қоғамдық-саяси процестерге тартуға көмектеседі. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шәукенова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы және «Саяси партиялар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қабылданған заң жобалары елдің саяси өмірі үшін айрықша маңызды және көппартиялы жүйенің одан әрі дамуына қызмет етеді. Бұл саяси партияларды құру мен тіркеу процесін едәуір жеңілдетеді. Қабылданған заңдар жастар мен әйелдердің қоғамның саяси өміріне қатысуы үшін қосымша мүмкіндік береді. Бұл - шын мәнінде өте үлкен және маңызды қадам», - деп атап өтті Зарема Шәукенова.

Сарапшы Қазақстанда алғаш рет гендерлік аспектілерді ескере отырып саяси модернизацияға бағытталған үлкен қадамдар 90-шы жылдардың аяғында дағдарыста жасалғанын атап өтті.

«Президенттің 1998 жылғы жолдауын еске түсірейік. Сонда демократияландыру мен саяси ырықтандырудың жеті негізгі элементі арасында елдің қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне әйелдерді кеңірек тарту қажеттігі жеке қарастырылды. Сол кезде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат жөніндегі кеңестің рөлін арттыруға және оны осы саладағы өзекті мәселелерді шешудегі басты кеңесші етіп тағайындауға ниетті екенін мәлімдеді. Нақты шаралардың ішінде: барлық билік органдарындағы әйелдердің өкілдіктерін арттыру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес, әйелдердің бизнесін несиелеуді ынталандыру болды. Осы кезеңнен бастап саясаттағы гендерлік өлшемдер күшейіп келеді», -деді З. Шәукенова.

Оның айтуынша, бұл құбылысты бірнеше деңгейден байқауға болады. Мұнда ұлттық статистикаға гендерлік принциптерді енгізу, гендерлік мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізу де бар. Бұған Елбасының әйелдер қауымымен жыл сайынғы кездесуі де жатады. Мемлекеттік органдарда және саясатта әйелдердің өкілдігіне басты назар аударылады.

Шешімдер қабылдауда гендерлік тепе-теңдік қағидатын және оның рөлін мойындау, әлем мемлекеттері тарапынан әйелдер мүмкіндігін арттыру жөніндегі міндеттемелер Бейжің іс-қимыл платформасында көрсетілген. Бұл құжатты БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Дүниежүзілік конференцияда қабылдаған (Бейжің, Қытай, 1995). Платформада барлық қоғамның проблемаларын шешу әр жыныстан кем дегенде 30% өкілі шешуге қатысқан жағдайда мүмкін болатыны айтылған.

Қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, Қазақстанда стратегиялық құжаттарда нақты міндет қойылған: шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің 30% өкілдігіне қол жеткізу. Осылайша, «ҚР гендерлік теңдік стратегиясын» іске асыруда «...Бейжің іс-қимыл платформасы ұсынысына сәйкес шешім қабылдау деңгейіндегі, соның ішінде үкіметтің, парламенттің, әкімдіктердің, мәслихаттар мен сот органдарының құрамына кіретін әйелдердің үлесі 30 пайызға жетеді» деп болжанған.

«Бүгінде біздің елімізде әйелдердің басшы лауазымында болуы - таң қаларлық жағдай емес. Соңғы кадрлық тағайындаулардың ішінде Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі, Аида Балаева - Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Тамара Дүйсенова - ҚР Президентінің көмекшісі-Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, Нұргүл Мәуберлинова - Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Әлия Рақышева - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы атанды. «Әйел саясатпен айналысуы керек пе?» деген мәселенің өзектілігі бүгінгі прогрессивті қоғамда да күмән тудырмайды», - дейді ҚСЗИ басшысы.

Сонымен бірге, сарапшы сайлау процестеріне қатысу арқылы саясатта жарқын із қалдырған Маргарет Тэтчер, Хиллари Клинтон, Ангела Меркель, Аунг Сан Су Чжи мысалдарын келтірді.

«2019 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында қолданыстағы саяси жүйені реформалауға бағытталған ұсыныстар жасады. Мемлекет басшысы «сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квотаны қарастыру қажет», - деп атап өтті. Бүгін Президенттің осы ұсынысы заңнамалық норма түрінде жүзеге асырылды, ол белсенді қазақстандық әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне жұмылдырады», - деді Зарема Шәукенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT