Саясат Нұрбек Ұлттық кеңес жайында: Өте көп жұмыс атқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысы жұмысының қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өте ауыр жұмыс болды. Бір жағынан, министрліктердің, ведомстволардың, көптеген сарапшылардың өз ұстанымдары бар. Екінші жағынан біздің жекелеген қандай да бір ұстанымдарымыз бар және дөрекілеу айтсам, бізге көбін үйлестіруге тура келді. Түптеп келгенде ұлттық кеңес мүшесі үшін бұл да өте жақсы ішкі жұмыс. Біз команда болып өте жақсы жұмыс істей алмайды екенбіз. Біздерге өзімшілдігімізді басып, түсінуге тура келді. Өйткені, бұл министрліктердің көпшілігімен өте тығыз жұмыс болды», - деді ол отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол өз тобының жұмыс мәнері жайында да сөз қозғады.

«Біздің әлеуметтік топ сәл өзгешелеу жолмен жүрді. Біз жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары жұмыс істей бастадық. Бастапқыда Еңбек, Денсаулық сақтау, Білім, Мәдениет министрліктерімен шамамен 25 кездесу өткіздік. Басты нүкте ретінде мемлекеттік бағдарламаларды таңдап алдық. Өйткені, өте көп ұсыныстар әзірлеуге болады. Дегенмен, бұл нақты бағдарлама аясында шоғырланбаса, онда нәтиже аз шығады», - деді сарапшы.

BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңестің 2-отырысында көтерген мәселелеріне де қатысты ойымен бөлісті.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық ұсыныстармен егжей-тегжейлі танысты. Ұлттық кеңес мүшелерінің басым көпшілігі Президентпен жеке кездесіп, өздерінің барлық тілектерін айтты. Бүгін Мемлекет басшысы сөз сөйлеу барысында ұсыныстарымыздың 70-80 пайызын естідік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар