Сауранда науқанға қатысушылар қобызшы қыздың өнерін тамашалады

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сауран ауданында референдум учаскесінде дауыс берушілерге жас қобызшы мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауран ауданындағы №67 референдум учаскесіне келушілер Болгарияда өткен халықаралық фестивальдің гран-при иегері, республикалық «Ұлы дала дауысы», «Жас сазгер» байқауларының жеңімпазы Келес Елбілгенің концертін тамашалады. Жас қобызшы отандық және әлемдік туындыларды орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жалпы, саурандықтар референдумға белсенділікпен қатысып жатыр. Таңертең ерте келген түрғындар арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал, 18 жастағылар «Бірінші рет дауыс беруші» сыйлығымен марапатталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 85 жастағы тұрғыны Жандарбек Жүсіпов алғашқылардың бірі болып дауыс берген еді.

Сондай-ақ, дауыс беруші арыстық тұрғын шашу шашса, сарыағаштық зейнеткерге шапан жабылды.

Ал, ғасыр жасаған Арыс қаласының тұрғыны Рысалды Бейсенбаева немерелерін ерте келді.

Түлкібастық ұстаздар династиясы да отбасылық дәстүрі бойынша өз таңдауын жасады.

Сайрамдық соғыс ардагері дауыс берудің маңыздылығы туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар