Сауран ауданының үш ауылдық округінде әкімдерге дауыс беріліп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданындағы үш ауылдық округте әкімдерді сайлау өтуде.

Ауыл тұрғындары көпшіліктің мүддесіне сай қызмет ететiн азаматты таңдау үшін сайлау учаскелеріне ағылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы Үш қайық ауылдық округіне әкім болуға екі үміткер тіркеліп, бақтарын сынауда. Төрт елді мекеннен тұратын ауылдық округте 7 мыңға тарта халық тұрса, оның 2896-сы сайлауда дауыс беруде. Облыс орталығындағы сайлау комиссиясының мәліметінше, күндізгі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 42%-ы келген. Бұл - 111 829 азаматты құрайды.

Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 5 243 (50 %), Кентау қаласында – 3 014 (36 %), Бәйдібек ауданында – 1 139 (29 %), Жетісай ауданында – 1 2 065 (44 %), Қазығұрт ауданында – 9 947 (50 %), Келес ауданында – 8 879 (29 %), Мақтаарал ауданында – 7 639 (46 %), Ордабасы ауданында – 3 822 (51 %), Отырар ауданында – 6 508 (51 %), Сайрам ауданында –7 152 (44%), Сарыағаш ауданында –20 884 (39 %), Сауран ауданында – 3 380 (42 %), Созақ ауданында – 9 255 (53%), Төлеби ауданында – 9 087 (41 %), Түлкібас ауданында – 3 114 (36 %), Шардара ауданында – 701 (55 %) азамат дауыс берген.


Соңғы жаңалықтар