Сәулетші болашақта елорданың қалай өзгеретінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Алдағы жылдары елорда тұрғындарының саны 2 миллионға жуықтайды деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес қаланың сәулеті мен келбеті айтарлықтай өзгеруі тиіс. Әсіресе, адамдардың жайлы өмір сүруіне, демалуына, жұмыс жасауына қажетті инфрақұрылым қалыптастыру қажет.

Атап айтқанда, бас қаланың 3 орталығын жүйелі байланыстырып, экономикалық тұрғыда барынша тиімді қылу мақсаты тұр. Бұл жөнінде танымал сәулетші Асхат Садуов мәлімдеді.

«Ең басты мақсат – қаланы жергілікті тұрғындар мен қонақтарға барынша қолайлы қылу. Урбанистика ғылымының негізгі бағыты да осы ғой. Осыған байланысты саладағы өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойып, оны кешенді түрде шешуге кірістік. Нақты жоспарымыз бар. Жақын болашақта оны ойдағыдай жүзеге асырамыз деген сенімдеміз», - дейді Асхат Садуов.



Соңғы жаңалықтар