Сәуірде қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 435 мың адам алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат, екінші компонентпен – 107 мыңнан астам қазақстандық егілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегінше, сәуір айының басынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді.

«Осы айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac« вакцинасын жеткізу күтілуде. Бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді»,- деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар