Сәуірде инфляция 0,5 пайызды құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы сәуірде инфляция 0,5 пайызды құрады. Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, баға өнеркәсіпте - 1,1, ауыл шаруашылығы өніміне - 0,8, көтерме саудада 0,5 пайызға өсті. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 0,1 пайызға жоғарылады. Ал заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалды.

Бұл ретте 2019 жылдың сәуірінде өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдері бағасы - 12,5, өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасы - 10,1, құрылыстағы бағалар - 1,7, өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне бағасы - 13,5, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері - 34,6, заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтер тарифтері - 4,9, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтер тарифтері - 12,2, туарлардың, өнімдердің көтерме саудада сату бағалары 6,3 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар