Сәуір айында Шымкентте коронавирус жұқтыру 4,5 есе артқан

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Сәуір айында Шымкент қаласында коронавирусқа шалдыққандар саны 4,5 есе өсті. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының айтуынша, қалада COVID-19 жұқтыру жағдайлары азая бастаған.

«Шымкент қаласында сәуір айының 25 күнінде 2131 жағдай тіркеліп, ауырғандардың саны 4,5 есеге өсті. Наурыз айында есепті кезеңде 473 жағдай тіркелген еді. Эпидемиологиялық зерделеу барысында науқастанғандардың 29,3 пайызы ауырған адаммен қарым-қатынастағы болғаны анықталды. Қалғандары карантиндік сақтық шараларын ұстанбағандықтан індетке шалдыққан. Жыл басынан бері анықталған 3475 науқастың 32,4 пайызы үлкен сауда үйлерге, дүкендерге, 20,1 пайызы базарларға, 18,2 пайызы қоғамдық көліктерде және түрлі жиындарға барғанда жұқтырған», – деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, ведомство басшысы тұрақты негізде санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері қалада осындай 451 шара атқарылып, 12338 нысан түсіндіру жұмыстарымен қамтылған.


Соңғы жаңалықтар