Сәуір айында 400 мыңға жуық көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 15 сәуірге дейін 396,6 мың отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 19 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан астам) дейін сараланған. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып саналады», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылардың барлық түрлері белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде іске асырылатын болады.


Соңғы жаңалықтар