Сауда орталығындағы субұрқаққа секірген елордалық ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде достарымен бәстесіп, субұрқаққа секірген 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияның «102» арнасына «Mega SilkWay» сауда ойын-сауық орталығының субұрқағына екінші қабаттан жас жігіттің секіргені туралы хабарлама түсті. Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, 1 қабатта орналасқан субұрқаққа секірген. Қауіпті әрекетке орталық келушілері куә болған. Жас жігітті сауда ойын-сауық орталығының күзетшілері ұстап, полиция қызметкеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзушы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ақпаратында.


Құқық бұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол қамауға алынды. Ұсталған жігіт бұған дейін Алматы метросында музыка дауысын қатты қойып, кішігірім бұзақылық жасаған үшін жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар