Сауд Арабиясында мұсылмандардың қажылық маусымы басталды

None
None
КАИР. ТАСС-ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында ислам мұсылмандарының қажылығы сенбіде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған қатаң шектеулер жағдайында басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы қажылық 17 шілдеде басталып, 22 шілдеге дейін жалғасады. Екінші жыл қатарынан бұл рәсімге басқа елдердің тұрғындары қатыса алмайды.

Қажылыққа елде бекітілген вакциналармен коронавирусқа қарсы екі екпені де алған 18 бен 65 жас аралығындағы корольдіктің 60 мың азаматы мен тұрғыны қатысады.

Биыл қажылар саны 10 мың адам қатысқан алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Корольдік билігі бес күндік қажылыққа қарсы жаңа шаралардың арқасында, 2020 жылдағыдай, коронавирус туғызған аурудың алдын алуға болады деп үміттенеді.


Соңғы жаңалықтар