Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Кипрдегі Елшісі қызметін қоса атқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Кипрдегі Елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар