Сәтбаев қаласында 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласында 45 көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды. Жаңа қоныстанушыларға қала әкімі Асқар Ыдырысов кілттерін табыс етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кенжегүл Ахметова — бес баланың анасы. Тұрғын үй кезегінде отбасы 2013 жылдан бері тұрған. Енді олардың үш бөлмелі пәтері бар.

«Менің көпжылдық арманым жүзеге орындалды. Осыған дейін бірнеше жыл бойы пәтер жалдап тұрып келдік. Енді міне өзіміздің баспанамыз бар. Мен біздің жанұямыз секілді отбасыларға көмектескендердің барлығына алғысымды айтқым келеді», - дейді Кенжегүл Ахметова.

Сондай-ақ, төрт баланың анасы Жайнагүл Мұхаметжанова да өз қуанышымен бөлісті: «Биылғы жыл біз үшін қуанышқа толы болды. Бүгін біз өз баспанамызды алдық. Кезекте 11 жыл тұрдық. Балалардың қуанышында шек жоқ, пәтеріміз жақсы, жылы. Барлықтарыңызға үлкен рахмет».

Сәтпаев қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы да белсенді дамып келеді. Ол бойынша төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға 19 өтінім мақұлданды. Тұрғын үйді осы бағдарлама бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үш көпбалалы отбасы мен ата-аналар сатып алды.

Жыл соңына дейін тағы 4 көп балалы отбасы баспана алады.

Соңғы жаңалықтар