«Сарыөзек-Көктал» күре жолы жабылды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Сарыөзек-Көктал» күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 қараша күні сағат 12:00 - ден 16:00-ге дейін жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал« автожолы жабылды»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

«Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар