Сарыағаштық оқушылардың қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етпек

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары қамтамасыз ететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, аудан көлемінде орналасқан жалпы 78 орта мектептерге осы мақсатта полиция бөлімінің жеке құрамының қызметкерлері бекітілді.

Ендігі кезекте аудандықполиция бөлімінің 164 қызметкері әр оқу орнына бөлініп, 2 қызметкерден бекітілді. Тәртіп сақшылары өздеріне бекітілген оқу орындарында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, оқушылардың жолаушылар жолағынан қауіпсіз өтуін қадағалайды.

Мектепке барған оқушыларға аталған жолақтан өтуіне көмектесіп, бастауыш сыныптардың оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіреді. Бағдаршамнан өтуіне көмектесіп, жолаушылар жолағынан өту ережесін үйретеді. Сарыағаш АПБ бастығы полиция полковнигі Е.Нуралиевтің тапсырмасымен аудан сақшылары мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, жол жүру ережелерін жіті түсіндіріп шықты. Айта кетейік, Білім күні қарсаңында ауданда бірқатар дайындық шаралары өтті. Жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, жасанды тегіссіздіктер мен жол белгілерінің жағдайы тексерілді. Мектептерде сабақтар басталмастан бұрын полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көше-жол желісін тағы бір мәрте зерттеп шықты.

Мектептердің маңындағы өткелдер ақ-сары түске боялды. Тәртіп сақшылары талдау жұмыстарын жүргізіп, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жол инфрақұрылымының элементтерін жаңарту бойынша жұмыстар ұйымдастырды.
Соңғы жаңалықтар