+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда қалған ресейліктер құтқарылды

2020 жылғы 18 қаңтар 03:00
Бөлісіңіз:
Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда қалған ресейліктер құтқарылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда адасқан ресейліктерге полицейлер көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды Жамбыл облысында полиция заң бұзған азаматтың көлігіне оқ атты Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы Бақытжан Аханбаев пен қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Ерболат Диханбаев «Хундай Грета» маркалы автокөлігінің дөңгелегі тесіліп тұрғанын анықтаған.

Көлік жүргізуші Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан Қазақстан жолдарын дұрыс білмейтіндігі, соның салдарынан «Жетісай-Шымкент» тасжолын таппай адасқандығы белгілі болған. Олардың жағдайын ескерген полицейлер шетелдіктердің көлігінің техникалық ақауын жөндетіп, тесілген дөңгелегін жөндеп берген.

«Жолда адасып, көлігіміз бұзылып тұрғанда жанымыздан қаншама көліктер зулап өтіп жатты. Алайда полицейлердің қызметтік көлігі жай өтіп кетпе, жанашырлық танытты. Қазақстандық полицейлерге алғысымызды білдіреміз», -деді ресейлік азамат.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT